ХХIV кезектен тыс сессиясы өтті

Депутаттар күн тәртібіне сәйкес мәселелер қарастырып, олар бойынша барлық шешімдер қабылданды. «Павлодар қалалық мәслихатының 2022 – 2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша шешім қабылданды. Нақтылау себептері әкімшіліктермен секвестрге берген 1 693 805 мың теңге сомасын қайта бөлу, облыстық және республикалық бюджеттен бұрын бөлінген трансферттер есебінен – 691 115 мың теңгені азайту және нақты түсім есебінен негізгі капиталды сатудан түскен кірістерді азайту есебінен 699 999 мың теңге сомасына кірістерді ішкі түзету болды. Сондай-ақ «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы», «Павлодар қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы», Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері қарастырылды.