Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс орталығының басшысы Асайын Байханов пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесулері өтеді.

2022 жылғы 7 қарашадан 14 қарашаға дейін 8 кездесу өтеді, онда тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланатын болады.