Депутаттарға арналған семинар

Біліктілікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалы Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары үшін бес күндік семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында депутаттар «Медиацияның рөлі мен принциптері. Қақтығыстардың алдын алу және шешу», «Қарым-қатынастың тиімді формалары», сонымен қатар бірқатар практикалық жағдайларды талдады.

Депутаттар халықтың қажеттіліктерін бюджеттеу, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі, бюджеттің атқарылуын мониторингілеу және т.б. мәселелері бойынша қажетті ақпарат алды.

Оқытудың басты мақсаты жаңа сын-қатерлер мен қазіргі заман жағдайында тиімді  әрекет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттілігі мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру болып табылады.