Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды. Жиынды ашқан Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың сөйлеген сөзінен:
«Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз.
Сондықтан, бүгін Халықтық Коалиция Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады!
Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының,  Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы!
Ең бастысы, Сайлау қарсаңында жетекші саяси күштердің ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы елді жігерлендіреді»