Павлодар қалалық мәслихатының сессиясы

Павлодар қалалық мәслихатының VII шақырылған ХХІІІ кезекті сессиясында депутаттар күн тәртібіне сәйкес басқа да бірқатар мәселелерді қарады.

Атап айтқанда, әлеуметтік нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлердің қысқы жылыту маусымына дайындығы туралы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Рашитов және елді мекендердің әкімдері хабарлады.

Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты отынға қажеттілік 73 020 тоннаны құрайды. Көмірдің түрлі маркаларының бағасы 9 мыңнан 19 мың теңгеге дейін диапазонда тұр. Баяндамашы азаматтарға қатты отынды өткізуді және жеткізуді жүзеге асыратын жеткізушілер, жылу беру маусымының басында жүргізіліп жатқан жұмыстар және әлеуметтік нысандардың дайындығы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ Н.Рашитов Павлодар қаласы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың айына бір шаршы метр үшін 29 теңге сомасындағы ең төменгі мөлшерін бекіту туралы хабардар етті. Осы шешімнің негізгі мақсаты кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісті күтіп ұстау мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету мәселелерінде тариф белгілеуді жүйелеу болып табылады.

«Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті келісу туралы» мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Қаланың ТҮКШ, ЖК және АД бөлімінің ақпараты бойынша интернет желісі мен ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлем жүйесі арқылы жол жүру ақысын қолма – қол ақшасыз төлеу кезінде 80 теңге; жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде 130 теңге төлеу белгіленген.

Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі бұзылған жағдайда, интернет желісін және ұялы байланыс құрылғысын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы ақы төлеуді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.

Сондай-ақ депутаттар Павлодар қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою, «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу бойынша бірқатар мәселелерді қарады және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бюджеттің төртінші деңгейінің орындалуы туралы ақпарат тыңдалды.