Павлодар қалалық мәслихатының сессиясы

Бүгін, 21 қыркүйекте, VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті.

Мемлекеттік қызметке ауысуына және жеке өтінішіне байланысты «Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Айгүл Маликованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» сұрағы бойынша шешім қабылданды.

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Серік Басарұлы Байсейітов пен Айгүл Қайыртасқызы Маликованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты шығып қалғандардың орнына Виктор Петрович Пряхин мен Санира Орынтайқызы Жүсіповаға «AMANAT» партиясынан мандаттарды беру туралы Павлодар қалалық мәслихатына қаулы енгізді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбарам Белялева мен құрылыс бөлімінің басшысы Асқар Ажмұрат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, Павлодар қалалық мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақ қаралды.

Барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.