Депутат А. Асқарованың азаматтарды қабылдауы

Бекітілген кестеге сәйкес, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Әлия Асқарова «AMANAT» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті рет азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында депутатқа тұрғын үй беру мәселесі бойынша көпбалалы ана өтініш білдірді. Депутат атап өткендей, тұрғын үй «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес беріледі.

Сондай-ақ, медициналық ұйыммен зейнеткерге сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша келісімге қол жеткізілді және павлодарлық азаматшаның күйеуіне — 2-топтағы мүгедекке әлеуметтік төлемдер мәселесі бойынша түсініктемелер берілді.

Естеріңізге сала кетейік, депутаттар қабылдауына 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.