Мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Бүгін, 21 маусымда мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамисова мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау бойынша бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру туралы ақпарат берді.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында Павлодар қаласының мәдениет мекемелерімен 866 іс-шара өткізілді. 75 клубтық құрылым жұмыс істейді, сонымен қатар, қаланың мәдениет мекемелерінде «халықтық» және «үлгілі» атақтары бар ұжымдар бар.

Сондай-ақ, басшы комиссия мүшелерін ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы туралы» және «мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау туралы» жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбарам Белялева хабардар етті.

Ұлттық жобаға үш негізгі жоба енгізілген: «Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту», «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау» және «Өз ісін ашуға жағдай жасау».

Әр жобамен егжей-тегжейлі таныстыра отырып, Г.Белялева депутаттарды толғандырған сұрақтарға жауап берді, содан кейін екінші мәселе бойынша хабардар етті.

Павлодар қаласында 2022 жылғы 1 маусымға мүгедектігі бар 12671 адам тұрады.

2020 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді, онда мүгедек адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдау және тапсырыс беру мүмкіндігі бар. 2022 жылдан бастап тізбе 24-тен 55 атауға дейін кеңейтілді.

Ағымдағы жылы мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалтуға 2326,7 млн.теңге бөлінді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарап, бірқатар нақтылаушы сұрақтарды қойған комиссия мүшелері оларды қалалық мәслихаттың таяудағы сессиясының қарауына шығарды.