Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы С.Қалижанованың азаматтарды қабылдауы

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Сандуғаш Қалижанова «AMANAT» партиясының Павлодар қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті рет азаматтарды қабылдады.

Тұрғындар қойған сұрақтар жеке және қоғамдық сипатта болды. Олар денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналасу, балалар ойын алаңын орнату, тұрғын үйдің ауласында  жол бұзушылыұтары жайында болды.

ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бірлескен шығу ұйымдастырылады. Жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінген  азаматтан түйіндемесі қабылданды, бос жұмыс орны болған жағдайда жұмыс ұсынылады.

Сондай-ақ, денсаулығына байланысты проблемалары бар өтініш берушіні «Мойылды» санаторийіне санаторий-курорттық емделуге жіберу туралы мәселе қаралатын болады.