Депутаттық бақылау

Ағымдағы жылы 150-ден астам ауладағы орамішілік аумақтарды жөндеуге 2 млрд.теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 21 аулада асфальттау жұмыстары аяқталды, 16 аулада жұмыстар жалғасуда. Осыған байланысты Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Депутаттар Бұқар Жырау атындағы мұражай жанындағы жолды асфальттау сапасына ерекше назар аударды, бұл туралы әлеуметтік желілерде қала тұрғыны хабарлады. Басылымға үн қатқан депутаттар оқиға орнына барып, қаланың ТКШ, ЖК және АД бөліміне ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берді.

Даңқ саябағына барған кезде «Іnclusive service» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асыратын гүл отырғызу жұмыстарының жүргізілуімен танысты. Парк аумағында 1700 шаршы метр алаңға гүл отырғызылды, отырғызу бойынша барлық жұмыстар алдын ала «Берегиня-Био» ҚБ-мен келісіледі, оның құрамына сарапшы-биологтар кіреді.

Биыл барлығы 27 000 жылдық және 3 000 көпжылдық гүл отырғызу жоспарлануда, бүгінгі күні 15 мыңға жуық гүл отырғызылды, арамшөптер мен түнгі суару жүргізіледі.