Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Серік Байсейітов «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Өтініш берушілер әлеуметтік төлемдер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді. Депутат барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының қабылдауына 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.