Мереке құтты болсын!

Дәстүр бойынша, жаздың бірінші күні біз тамаша мереке – Балаларды қорғау күнін атап өтеміз.

Ол барлық үлкендерге өскелең ұрпақ үшін жауапты екенімізді еске салады. 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды және біз әр баланың өз таланттарын ашуға, армандары мен бақытты балалық шақ құқығын жүзеге асыруға бар күшімізді салуымыз керек.

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары мерекемен құттықтап, «Айгерим» ЖШС басшысы, депутат Михаил Желнов шын жүректен ұсынған сыйлықтарды, соның ішінде тәттілерді «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне табыстады.