31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1997 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Қуғын-сүргін құрбандары Кеңес Одағының аумағында тұратын халықтың әр түрлі топтарының, барлық ұлттардың өкілдері болды.

Мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың өкілдері, студенттер мен оқушылар жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен және гүл қою арқылы еске алды.

Қоғамның бейбіт дамудың құндылығын түсінуі және мұндай оқиғалардың қайталануына ешқашан жол бермеуі үшін есте сақтау маңызды.