«AMANAT» партиясының хатшысы Павлодар облысына барды

Павлодар облысына жұмыс сапарымен «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев келді.

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Сандуғаш Қалижанова Эльдар Жұмағазиевпен бірге «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «Павлодар мұнай-химия зауыты»АҚ еңбек ұжымдарымен кездесті.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ басшысының міндетін атқарушы Серік Дөнбекбаев бастапқы алюминий және анод өндірісімен таныстырды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 250 мың тонна алюминийді құрайды. Зауытта алдын ала күйдірілген анодтың прогрессивті технологиясы – қазіргі кездегі алюминий өндірісінің ең заманауи және экологиялық қауіпсіз технологиялары қолданылады.

Павлодар мұнай-химия зауыты-Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Зауыт мұнайды отын нұсқасы бойынша өңдейді және өңдеу тереңдігін 85% дейін қамтамасыз етеді, бұл ең жақсы мұнай өнімдерін өндірушілердің деңгейіне сәйкес келеді.

Кәсіпорын қызметкерлерімен кездескен Эльдар Тынышбайұлы зауыт жұмысшыларының одан әрі қарауды талап ететін сұрақтарына жауап берді – олар бақылауға алды.

Кездесулердің негізгі арқауы 5 маусымда еліміздің Негізгі Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу болды.

Хатшы партияның халық үшін жауапкершілігі бар екенін және елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталғанын атап өтті. 5 маусымда әркім жаңа Қазақстанды құру ісіне өз үлесін қоса алады.