Депутат Е.Шахманның азаматтарды қабылдауы

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Ертарғын Шахман «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Депутатқа тұрғындар өндірісте жұбайының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты сақтандыру төлемін алу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі емделуге берген жолдамамен Сарыағаш қаласындағы шипажайға дейін мүгедек бала мен анаға билет сатып алуға көмек көрсету жөнінде және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жүгінді.

Алғашқы екі мәселе депутат тарапынан оң шешімін тапты, ТКШ бойынша да түсініктеме берілді.