Алдағы референдумды талқылау

Павлодар қалалық мәслихатының аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы референдум талқыланды.

Саяси реформаның басты мақсаты-басқару жүйесінің тиімділігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ел Президенті бастамашылық еткен өзгерістер іргелі сипатқа ие және Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді.

Президенттің айтуынша, ел мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшуде.

Барлық павлодарлықтарды референдумға белсенді қатысуға және өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге шақырамыз.