Референдум шеңберіндегі кездесулер

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Сандуғаш Қалижанова «AMANAT» партиясының Павлодар қалалық штабының мүшелерімен бірге Мойылды ауылының тұрғындарымен, сондай-ақ түсті металлургия колледжінің қызметкерлері мен студенттерімен еліміздің Негізгі Заңына енгізілген негізгі өзгерістер мен түзетулерді түсіндіру бойынша кездесуге қатысты.

Кездесулерде азаматтарға Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетіні және олар не үшін қажет екендігі түсіндірілді. Енгізілетін барлық түзетулер бір-бірімен өзара байланысты, сондықтан дауыс беруге арналған бюллетеньде тек екі тармақ болады: қолдаймыз ба әлде жоқ па.

Ауыл тұрғындары мен жастар алдағы өзгерістер мен Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдады, олар бұл туралы өз сөздерінде айтты.

Баршаңызды референдумға белсенді қатысуға және жаңа Қазақстанды құруға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз, өйткені халық дауыс беру арқылы ұсынылып отырған түзетулердің тағдырын шешетін болады.

Соңында қатысушылар толғандырған сұрақтарға жауап берді.