Комиссия отырысы

Бүгін, 24 мамырда Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Алдағы уақытта мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралатын бірқатар мәселелер талқыланды.

Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының «2021 жылға арналған Павлодар қаласы бюджетінің атқарылуы туралы» және «Павлодар, Жетекші, Мойылды ауылдары, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округі бюджетінің 2021 жылға арналған IV деңгейінің атқарылуы туралы» есебімен тексеру комиссиясының мүшесі Мәулен Үйсінбаев сөз сөйледі.

Баяндамашы қала мен ауылдардың 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, экономика секторындағы инвестициялар көлемі, индустриялық-инновациялық даму жобаларын іске асыру, құрылыс жұмыстарының, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының көлемі туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын келісу және Павлодар қалалық мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.