Депутат И.Веретновтың азаматтарды қабылдауы

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Игорь Веретнов «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында кезекті азаматтарды қабылдады.

Депутатқа ауланы абаттандыру, спорт алаңын абаттандыру, зейнетақы төлемдері мәселелері бойынша азаматтар жүгінді, сондай-ақ «ЮНИТИ» ҚБ-мен (ересектер арасындағы шағын футбол бойынша әуесқой лига) бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.

Барлық сұрақтар бойынша депутат қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берді. Ауланы абаттандыру мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолданып, мәселе туындаған жерге бару жүзеге асырылатын болады. Зейнетақыны есептеу мәселелері бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жүгіну ұсынылды.

Депутаттардың қабылдауына 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.