Партия активінің отырысы

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда бүкілхалықтық референдум өтетінін жариялады.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалының алаңында партактив отырысы өтіп, онда Конституцияға өзгерістер мен штабтардың түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыс алгоритмі талқыланды.

Бүгінгі күні облыстық филиалмен партияның аймақтық штабы құрылды, оның құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, партия ардагерлері, жастар кірді. Сондай-ақ, қалалар мен аудандарда қоғамдық аумақтық партиялық штабтар құрылды, филиалдардың атқарушы хатшылары штабтардың төрағалары болып табылады.

Жалпыхалықтық референдумда дауыс беру үшін негізгі заңның 33-бабына түзетулер әзірленді, ал бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі.

Облыстық штабтың басшысы Илья Теренченко штабтың алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтіп, Мемлекет басшысының бастамасын бүкілхалықтық қолдауға және өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырды.

Ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін облыстық штаб мүшелері өңірдің барлық аудандары мен қалаларына барып, түрлі салалық топтармен кездесулер өткізіп, ұсынылған Конституциялық түзетулердің мазмұнын халыққа жеткізеді.