Мемлекеттік мереке-Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Отанды қорғау-барлық уақытта қасиетті ұғым. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған ел тәуелсіздік алғаннан кейін бұл ұғым ерекше мағынаға ие болды. Бүгінде Қазақстанды шекаралары белгіленген дербес, тәуелсіз және қалыптасқан мемлекет ретінде қорғау — әрқайсымыздың парызымыз.
Баршаңызға ашық аспан, табыс пен бақ-береке, Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолында игілікті және маңызды істер тілейміз!