Депутат Б. Зауттың азаматтарды қабылдауы

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Болат Заут «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Депутатқа жұмысқа орналасу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштер  түсті.

Барлық сұрақтар бойынша депутат түсініктеме берді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша, өтініш беруші қаланың халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет.

Бекмаханов көшесін Бұқар Жырау көшесінен Иса Байзақов көшесіне дейін асфальттау жұмыстарын 2022 жылдың 3 тоқсанында жүзеге асыру жоспарлануда.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастар үшін гранттар 29 жасқа толған кезде беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, депутаттарды қабылдауға 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.