Депутат Б.Майкотовтың азаматтарды қабылдауы

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Байғабыл Майкотов «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында кезекті рет азаматтарды қабылдады.

Азаматтар депутатқа үйлерінің іргелес аумағынан ірі көлемді қоқысты шығару, «Строитель» бау-бақша кооперативі мүшелерінің арасындағы өзара қатынастары және зейнеткердің шоты мәселелері бойынша жүгінді.

Барлық сұрақтар бойынша ұсыныстар берілді. Стихиялық қоқыс ағымдағы күні жойылатын болды, саяжай учаскелерінің меншік иелеріне кооператив төрағасының шақыруымен жиын өткізу ұсынылды.

Шоты қамаудағы  зейнеткерге екінші деңгейлі банктерге жүгіну ұсынылды, сондай-ақ материалдық көмек көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының қабылдауына 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.