Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Әлия Асқарова «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Депутатқа бірінші қажеттіліктегі азық-түлік түрінде көмек көрсету, қаржылық көмек және жолды асфальттау мәселелері бойынша жүгінді.
Жолдарды асфальттауға қатысты барлық мәселелер оң шешімін тапты – түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, қабылдауға А.Асқароваға кіре берісте және көше жағынан пандус орнату туралы өтініш білдірген ана келді. Бүгін Ол депутатқа алғыс сөздерімен келді, бір апта бұрын пандус орнатылды.