Депутат Г. Акопянның азаматтарды қабылдауы

Бүгін, 15 сәуірде Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гнел Акопян «AMANAT»партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Депутатқа жұмысқа орналасу мәселесімен жас жігіт келді, оған қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгіну ұсынылды.

Сонымен қатар Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне сыйлықтар алу үшін 1-ші шағын ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасына қаржылай көмек көрсетілді.

Және Теміржолшылар шағын ауданының зейнеткеріне құм әкелісуге көмек көрсетілді.