Қоғамдық кеңес төрағасы Игорь Веретновтың азаматтарды қабылдауы

Павлодар қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Игорь Веретнов азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Қоғамдық кеңеске Владимир Дробашко нүктелі құрылысты жобалау, оны техникалық бақылау мәселелесі бойынша жүгінді. Александра Бондарчук жаппай сауықтыруды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өңірде спортты дамыту бойынша өз ойын ортаға салды.

Игорь Веретнов аталмыш сұрақтарды бақылауға алуға уәде беріп, түсініктеме берді.