Павлодардың даму жоспарын талқылау

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен Павлодардың даму жоспары талқыланды.
Кездесуге Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары және қаланың қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Облыс орталығын кешенді дамыту жоспарымен қала әкімі Асайын Байханов таныстырды.
Отырысты ашқан Әбілқайыр Сқақов Павлодарды дамытуға облыстық бюджеттен қосымша 13,8 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Бұған тағы 2 миллиард теңге бюджет нақтыланғаннан кейін республикалық қазынадан түсуі тиіс.
Айта кету керек, жұмыс кездесуіне дейін облыс әкімі саяжай шағын ауданының, қала маңындағы ауылдардың тұрғындарымен және көлік компанияларының қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Осыдан кейін аймақ басшысы жеті тармақтан тұратын облыс орталығының негізгі проблемаларының тізімін жасады.
— Қаладағы бірінші мәселе — бұл қоғамдық көлік, қалалықтар бұл саладағы жағдайға наразы, — деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.
Қала басшысы Асаин Байханов қоғамдық көліктегі қиындықтарды мойындады.
— Бізге маршруттық желілерді оңтайландыру қажет, бірақ жолаушылар ағыны бойынша нақты деректерді білмейміз, — деді ол. — Электронды билеттеу мен балалар үшін тегін жол жүру карталарын толық енгізе отырып, біз жалпы көріністі ала аламыз.
Облыс орталығының басты проблемаларының бірі ретінде аймақ басшысы жол төсемінің сапасын атады. Облыс әкімі биыл қалада 12 магистралды көшені жөндеу және жеке сектордағы 50 көшені асфальттау жоспарланғанын атап өтті.
Кездесу мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі тақырыбына тоқтадық. Әбілқайыр Сқақов Павлодарда әлі күнге дейін ескірген технологиялары бар жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдаланатынын айтты.
Сонымен қатар, облыс әкімі ТКШ және мүлік иелерінің жаңа формаларынан көшу мәселелерін қозғады.
Сондай-ақ Әбілқайыр Сқақов жасыл қорды абаттандыру, жинау және күту мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етті. Ол осы мақсаттарға қаржыландыру көлемі үш есеге артқанын атап өтіп, мердігерлердің жұмысын бақылауды ұйымдастыруды тапсырды.
Кездесуде Павлодардың архитектуралық бейнесіне де назар аударылды. Әбілқайыр Сқақов «Достық» және «Спорт Сити» жаңа қалалық шағын аудандарының орамдық құрылыс қағидалары бойынша салынуын талап етті.
Жетінші — облыс әкімінің тізіміндегі қорытынды мәселе — жарықтандыру мәселесі болды. Әбілқайыр Сқақов облыс орталығына жарықтандыруды басқарудың бірыңғай жүйесі қажет екенін атап өтті.
Өңір басшысы қаланың шағын және орта бизнесін қолдауға ерекше тоқталды. Ол фаст-фуд, балмұздақ және кофе сатушылар үшін Жүз жаңа нүктені анықтауды тапсырды.
Қаланы дамыту Бағдарламасын талқылау барысында қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері жылумен және тұрғын үй қорын дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны жайластыру бойынша сұрақтар қойды.
Бұдан кейін облыс әкімі Павлодарды дамыту жоспарын жүзеге асыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жүргізуді тапсырды.
Кездесу соңында Әбілқайыр Сқақов павлодарлықтардың ескертулері мен ұсыныстарын ескеруді ұсынды. Ол қалалық Қоғамдық кеңестің барлық мүшелері мен мемлекеттік органдарды облыс орталығындағы өмір сапасын жақсарту үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.