Комиссия отырысы

Бүгін, 5 сәуірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Депутаттар бірқатар мәселелерді қарап, олар бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Аяқталмаған құрылыс нысандары мен игерілмеген жер телімдері бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні Павлодар қаласы бойынша 14 құрылысы ұзақ өтіп жатқан және игерілмеген жер учаскелері бар, олардың ішінде алты нысан бойынша меншік иелері игеруге кірісті, үш нысан бойынша игеруге кірісу жоспарлануда және бес проблемалық объект бар.

Барлық мәселелер кезекті сессияның қарауына шығарылды.