Депутаттар «Сарыарқа» шағын ауданындағы құрылыс барысымен танысты

Кеше, 25 қазанда Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары «Сарыарқа» шағын ауданындағы құрылыс алаңдарын аралады.

2016 жылдан бастап бұзылған үйлер орнында 2976 пәтерлі 31 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың барлығы инженерлік желілермен және абаттандырумен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта тағы 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Депутаттар 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған №28 және 33 үйлерге барды.

Құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, жалпы, «Сарыарқа» шағын ауданында 42 көпқабатты тұрғын үй, 3948 пәтер (228 мың шаршы метр) салынады. Шағын аудан бойынша жұмыстарды аяқтаудың жоспарлы мерзімі -2022 жыл.

28 үй бойынша құрылыс жұмыстарын «Астана-Көктем» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Жобаны түзету үшін жұмыстардың тоқтатылуына байланысты кестеден артта қалушылық бар.

9 қабатты №33 үйдің құрылысымен «ДСК Монтаж» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады. Осы учаскеде іргетас құрылысы 100 пайызға, екінші қабаттың құрылысы жүзеге асуда. Сондай-ақ кестеден артта қалушылық бар.

Аталған нысандардың құрылысы тұрақты бақылауда.