Азаматтарды қабылдау

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Сандуғаш Қалижанова «Nur Otan»партиясының қалалық филиалында кезекті азаматтарды қабылдады.

Өтініш берушілер жұмысқа орналасу, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына көмір сатып алуға көмек көрсету, тұрғын үй беру және басқа да мәселелер бойынша жүгінді.

Сандуғаш Қайыргелдіқызы одан әрі қарауды талап ететін барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді – бақылауға алынды. Қатты отынға мұқтаждарға көмек жергілікті жерге барып көрсетіледі.