Жұмыс кеңесі

Кеше, 19 қазанда Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Сандуғаш Қалижанова «Горкомхоз» ЖШС директоры Серік Әлпімовпен, мердігер ұйымның өкілімен және қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандарымен кездесті.

Жұмыс кездесулері барысында ірі көлемді қоқыстарды жинау және қала көшелерін жарықтандыру мәселелері талқыланды.

Мердігердің айтуынша, ірі көлемді қоқыс кестеге сәйкес немесе ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің өтінімдері бойынша шығарылады.

Жарықтандыруға келетін болсақ, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің ақпараты бойынша, орамішілік аумақтарды жарықтандыруға 610 аула жатады, оның 138 – і жарықтандырылмаған. Бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізілуде.