Азаматтарды қабылдау

Кеше, 13 қазанда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Рүстем Әлханов кезекті рет азаматтарды қабылдады.

Азаматтар депутатқа тұрғын үй кезегі, электр энергиясы және жылу үшін коммуналдық қызметтердің шамадан тыс есептелуі мәселелері бойынша жүгінді.

Бірінші мәселе бойынша жетекшілік ететін мемлекеттік органға сұраныс жолданды, қалғандары бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берілді.