Азаматтарды қабылдау

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гнел Акопян «Nur Otan»партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Өтініш берушілер көп балалы отбасына көмір сатып алуға көмек көрсету, тұрғын үйден мүгедек баланы тәрбиелеп отырған көп балалы отбасының үйіне дейін тас жолды төсеу және қоршау орнатуға көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді.

Барлық мәселелер депутат тарапынан оң шешімін тапты.