Азаматтарды қабылдау

Кестеге сәйкес, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Муслим Махмудов кезекті азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында өтініш берушілерден түскен барлық мәселелерді депутат оң шешті. Атап айтқанда, көмір сатып алу, оның ішінде 1 топтағы мүгедекке және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына балконды әйнектеуге көмек көрсету.

Естеріңізге сала кетейік, депутаттарды қабылдауға 65-11-58 телефоны арқылы жазылуға болады.