Құттықтаймыз!

Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, аға буын өкілдері! Сіздерді ізгілік пен даналық мерекесі-Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн-аға буын өкілдеріне олардың жасы туралы ескерту емес, біздің әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, қарт тұрғындарға қаламыздың дамуына қосқан үлесі үшін, көп жылдық адал еңбегі, тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін жылы сөздер айтуға тамаша мүмкіндік! Сіздерге ұзақ жылдар денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!

Құрметпен, VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары.