Мәслихаттың кезекті сессиясы

VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының кезекті Х сессиясының күн тәртібіне сәйкес депутаттар бірқатар мәселелерді қарады.

Барлық мәселелер қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала талқыланды.

Атап айтқанда, 2021 жылдың 8 айында бюджеттің төртінші деңгейінің орындалуы, «Сарыарқа» және «Достық» аудандарының инфрақұрылымын дамыту барысы туралы ақпарат тыңдалды.

Сондай-ақ, Жетекші және Павлодар ауылдарының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы, қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру және «Павлодар қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 297/40 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.

Барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.