Тұрақты комиссия отырысы

Бүгін, 24 қыркүйекте, қалалық мәслихаттың депутаты Михаил Желновтың төрағалығымен VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

«100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді, осыған байланысты жыл сайын қаланың ауылдық аймақтарының әкімдері депутаттар алдында олардың орындалуы бойынша есеп береді.

Жетекші ауылы бюджетінің 2021 жылға арналған жылдық Жоспары 162 706,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде: субвенциялар — 91 357,0 мың теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер – 60 915,0 мың теңге, салықтар — 6 618,0 мың теңге, бос қалдықтар — 3 816,0 мың теңге.

2021 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті өзін — өзі басқару шотына салықтардың нақты түсуі жылдық жоспар 6 618,0 мың теңге болған кезде 4 931,5 мың теңгені құрайды, бұл пайыздық қатынаста-74,5 %.

Қаржыландыру жоспары бойынша Кенжекөл ауылдық округінің 2021 жылғы бюджеті 203 214,0 мың теңгені, 2021 жылдың 8 айында округ бюджеті 138 747,0 мың теңгені құрады. 8 айдағы бюджеттің атқарылу пайызы — 100%. 8 айдағы кіріс бөлігі – 138 747,0 мың теңгені, салықтық түсімдер – 14 092,0 мың теңгені; салықтық емес түсімдер – 200,0 мың теңгені; субвенциялар – 82 499,0 мың теңгені; ағымдағы нысаналы трансферттер – 36 442,0 мың теңгені; бос қалдықтар – 5 514,0 мың теңгені құрайды. Кіріс бөлігін орындау пайызы 101,3% — ды құрады.

Павлодар қаласының бюджетін нақтылауды ескере отырып, Ленин кентінің 2021 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасы 391 242 мың теңгені, 2021 жылғы 8 айда — 288 222,1 мың теңгені құрады, бұл пайыздық қатынаста 73,7% — ды құрайды.

Мойылды ауылының 2021 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасы Павлодар қаласының бюджетін нақтылауды ескере отырып, 95102 мың теңгені, 2021 жылдың 8 айында — 60 801,7 мың теңгені құрады, бұл пайыздық қатынаста 73,6% — ды құрайды.

Павлодар ауылының бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары штат саны 8 адам болатын Павлодар ауылы әкімінің аппаратының, саны 12 адам техникалық персоналды, 1 әлеуметтік қызметкерді, мәдени ұйымдастырушының бір штат бірлігін, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерінің қызметін қаржыландырудан тұрады. Жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасы 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 тамызға дейін бюджетті нақтылауды ескере отырып, 130 352,0 мың теңгені, кассалық шығыс — 130 346,7 мың теңгені құрады, игеру 100% — ды құрайды.

Ауылдық аймақтардың әкімдері комиссия мүшелерін бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджеттің төртінші деңгейінің орындалуы туралы таныстырды — мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету, жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, елді мекендер көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу және басқалар.

Сондай-ақ депутаттар қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына шығарылған мәселелерді алдын ала талқылады.