Азаматтарды қабылдау

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Игорь Веретнов азаматтарды қабылдады.

Депутатқа жылу желілерін жөндеу, жер телімін бөлу, кітап шығару және т. б. мәселелер бойынша өтініш білдірді.

Игорь Викторович өтініш білдіргендердің барлығына қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының қабылдауына 65-11-58 телефоны бойынша жазылуға болады.