Президенттің бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт жоспары. 2015 жыл 20 мамыр


ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.
62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.
63-қадам. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЕКІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ «АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.
64-қадам. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.
65-қадам. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИНЕНТАЛДЫҚ ДӘЛІЗ» МУЛЬТИМОДЕЛДІК КӨЛІК ДӘЛІЗІН ҚҰРУ жөніндегі жобаны іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі: бірінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді. Екінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теңізі мен Әзербайжан, содан соң Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.
66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ салынатын болады.
67-қадам. «ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ «ҚТЖ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТІНДЕ ДАМЫТУ. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. «Эйр Астананың» дамуы «ҚТЖ»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.
68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін ӘУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТИІМДІЛІГІН жақсарту. Азаматтық авиация комитетінің қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің үлгілеріне бағдарланатын болады.
69-қадам. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын ЕУРАЗИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұнымен бірге қалада әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құрылады.
70-қадам. ASTANA EXPO – 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МӘРТЕБЕ