Президенттің бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт жоспары. 2015 жыл 20 мамыр


тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.
38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.
39-қадам. КЕДЕН ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.
40-қадам. «ПОСТФАКТУМ» КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ РЕЖІМІН ЕНГІЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.
41-қадам. МҮЛІКТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАҢДАСТЫРУ РЕСІМДЕРІН ОҢАЙЛАТУ. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін КІРІСТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ.
43-қадам. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.
44-қадам. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.
45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖІМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ («30-20-10») қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.
47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН БІРТІНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.
48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗУ. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.
49-қадам. Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕСКІРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық