Президенттің бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт жоспары. 2015 жыл 20 мамыр


және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ.
97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.
98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.
99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.
100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау.

ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ

Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, БЕС ЖҰМЫС ТОБЫНАН жасақталған жаңғырту жөніндегі ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ.
Ұлттық комиссия БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ОРЫНДАУДЫ КЕЛІСІЛГЕН БАСҚАРУ бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Ұлттық комиссия ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАП, ІС-ҚИМЫЛДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫН АЙҚЫНДАУЫ тиіс. Оның ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде ПАРЛАМЕНТ ТАРАПЫНАН ЗАҢДАР, ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚАУЛЫЛАР ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ.
Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТАРАПЫНАН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАТЫН болады.
Ұлттық комиссия жанынан БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚАТАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС жасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап, реформаларды орындау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГІН жүзеге асыратын болады.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢСЕСІН айқындау қажет.