19.01.2018

Кондоминиум объектісін басқару органдарымен кездесу өз жалғасын тапты

Ағымдағы жылдың 18-19  қаңтарында депутаттардың  кондоминиум объектісін басқару органдарының төрағаларымен  жоспарланған кездесулер         № 13, 43 мектеп базасында өткен болатын. 2017 жылы желтоқсан айында қалалық депутаттар болады кондоминиум […]

16.01.2018

Павлодар қаласының активі ҚР Президентінің «Жаңа мүмкіндіктер жағдайында дамуының төртінші өнеркәсіптік революция» Жолдауын талқылады

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Қ. Әбусейітова  атындағы МДО өтті Павлодар қаласының активі  Елбасы  Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына «Жаңа мүмкіндіктер жағдайында дамуының төртінші өнеркәсіптік революция» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша бас қосты. […]

15.01.2018

32 кезектен тыс сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару Заңының 3- бабы 10- тармақшасына сәйкес, 2018 жылдың  22 қаңтарында сағат 11.00-де (Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі,32, отырыс залында)                 VI сайланған Павлодар қалалық […]

12.01.2018

Білім беру мекемелерінде оқушылардың ыстық тамақпен қамтуын ұйымдастыруын тексеруде

Білім беру мекемелерінде оқушылардың ыстық тамақпен қамтуын ұйымдастыруын тексеру  комиссия құрамына Павлодар қалалық мәслихаты депутаты М.Қ. Айтышев енген болатын.  Комиссияның негізгі мақсаты — білім беру мекемелерінде санитарлық -эпидемиологиялық талаптарына сай […]

10.01.2018

Павлодар қалалық мәслихаты депутаттары мектепке дейінгі мекемелерге барды

   Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары 9-11 қаңтар күндері білім беру бөлімімен жұмыс тобына қатысып, 72 мектепке дейінгі бала-бақшаларды тексерді.  Тексеріс барысының негізгі мақсаты бала -бақшаларда балалардың қатысуын мониторинг жүргізу.

05.01.2018

ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Павлодар қалалық мәслихаты депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен «Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың әлеуметтік жағдайы» тақырыбында өткен аумақтық семинарға қатысты.  Бұл отырыста әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың әл-аухаты […]



16.02.2018

Болат Бақауов Павлодар облысындағы 2018 жылды экология жылы деп жариялады

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. Сонымен бірге, ол 2018 жылы аулаларды көріктендіру және тұрғын үй құрылысы мәселелерімен нақты айналысатынын мәлімдеді. Барлық экологиялық проблемаларды бір жылда шешу мүмкін еместігін атап өткен ол алдағы жылға нақты іс-қимылдар жоспары құрастырылғанын айтты.  — Бұл бағыттағы бірінші қадам жасалды, — деді әкім. — Облыс орталығының төрт аумағында орнатылған LED-дисплейлерден қала тұрғындары ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты көре алады. Аймақ басшысы өңіріміздегі ірі өнеркісіптік кәсіпорындардың жұмыс істеуіне байланысты облыс жұртшылығы ауаның тазалығына алауңдаулы екендігін айтып, барлық ірі кәсіпорындармен экологиялық жағдайды жақсарту және ауаға тарайтын қалдықтардың мөлшерін азайту бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті. — Осы жылдан бастап кәсіпорындарды жаңғыртудан өткізу кезінде экологиялық жүктемені азайту мәселесі басты орында тұратын болады, — деді Болат Бақауов. — Облыстың 7 ірі кәсіпорындарымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды, алдағы уақытта 8 меморандумға қол қойылатын болады. 2017 жылы өңірде аулаларды көріктендіру және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Облыстың үш қаласында 180 аула жөндеуден өтті. Бұл мақсаттарға 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. — Осы жылы Павлодарда – 180, Екібастұзда – 50, Ақсуда 20 аула жөндеуден өтетін болады. Бұл мақсаттарға 2,8 миллиард теңге қарастырылды. Үш жылға жоспарланған бағдарлама мерзімінен бұрын орындалатын болады. Бұл осы жылы атап өтілетін аймағымыздың 80-жылдығына аранлған басты сыйлықтардың бірі болмақ. Өткен жылы өңірде барлық қаржы көздерінің есебінен 240 мың шаршы метр үй салынды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артық. Облыс әкімі 2018 жылы бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп уәде берді. — Ағымдағы жылы 300 мың шаршы метр үй салуды жоспарлап отырмыз, — деді әкім. — Соңғы рет мұндай ірі құрылыс көлемі 25 жыл бұрын болған еді. Аймақ басшысы 2017 жылы 6 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 10 үй салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданында құрылыс қарқыны азаймайтынын атап өтті. Сонымен бірге, облыс орталығындағы жаңа «Достық» шағын ауданының инфрақұрылымын тарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, Павлодар облысы әкімінің есептік кездесуіне Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қатысты. Сообщение Болат Бақауов Павлодар облысындағы 2018 жылды экология жылы деп жариялады появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
16.02.2018

Өткен жыл табысты болды

Павлодар облысының әкімі 2017 жылы атқарылған жұмыс бойынша қоғамдық кеңестің алдында есеп берді. Болат Бақауов қоғамдық кеңес өкілдерінің күрмеуі қиын мәселелер бойынша билікке көмектескені туарлы айтып берді. Сонымен қатар, ол үстіміздегі жылы аулалардың бәрін абаттандыруға уәде берді. Аймақ басшысы баяндамасының алғысөзін 5,4 пайыз өсімді құраған экономика саласындағы жетістіктерден бастады. Бұл көрсеткіш 2011 жылдан бері қол жеткізілген ең жоғары өсім екен. — Экономиканың дамуы негізінен өнеркәсіп саласындағы 5,1 пайыз өсімнің есебінен мүмкін болды, — деді әкім. — Облыстың барлық негізгі кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеп, өндіріс көлемін арттырып келеді. Төртінші индустрияландыру шеңберінде ірі кәсіпорындар қолданыстағы өндірістерін технологиялық тұрғыдан жаңартумен айналысады. Облыстың агроөнеркәсіптік кешені туралы айтқанда Болат Бақауов әр ауданда сүт-тауарлы ферма құру аса маңызды екенін атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша барлық елді мекендерде сүт қабылдайтын пункттер жұмыс істеуі қажет. Ауылдық жерде көптеген отбасылар сүт тапсырып, сол арқылы өздерінің нәпақасын айырып отыр. — Өткен жылы мен тұрғындардан қабылданатын сүттің бағасын көтеру туралы мәселе көтеріп едім, — деді ол. — Менің ұсынысымды қабыл алған қоғамдық кеңес мүшелерінің қолдауының арқасында біз сүттің бір литрінің бағасын 70 теңгеге дейін көтердік. Бұған дейін сүттің бағасы литріне 50-65 теңгені құраған еді. 2017 жылы өңірде аулаларды көріктендіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мердігерлер 180 ауланы қалыпқа келтірді. — Осы жылы біз аулалардың бәрін жөндеуден өткізетін боламыз, — деді  Болат Бақауов. — Осы мақсатқа 2,8 миллиард теңге бөлінді. Кездесудің қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелері аймақ басшысының 2017 жылы атқарылған жұмысына оң бағасын берді. Сонымен бірге, олар алдағы уақытта да өңірдің дамуы үшін маңызды мәселелерді шешуде бірлесіп жұмыс атқаруға үміттенетінін айтты. Сообщение Өткен жыл табысты болды появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
14.02.2018

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды

Ұлттық әл-ауқат қордың төрағасы Ахметжан Есімов аймақ басшысы Болат Бақауовпен бірге Екібастұз қаласындағы № 1 ҚАЭС-да, Павлодар мұнай-химия зауытында және «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында болып қайтты. Екібастұздағы жылу электр станциясында Ахметжан Есімовке 2024 жылға дейін жоспарланған №1 энергия блогын қайта құру және 2021 аяқталуы тиіс отын беру жүйесін жаңғырту сияқты ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру барысы туралы айтылды. Ал, Павлодар мұнай-химия зауытында шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша өнімділікті арттыруға мүмкіндік берген, инвестициялар көлемі 180 миллиард теңгені құраған жаңғырту жұмыстарының нәтижесі көрсетілді. Жаңғырту арқылы зауытта шығарылатын отынның сапасын К-4 (бензин) және К-5 (дизель отыны) стандарттарына жеткізу мүмкін болды. Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы кәсіпорынынң жұмысымен танысып, жаңа қондырғыларды қарап шықты.   «Павлодар» АЭА-да Ахметжан Есімовке потенциалды инвесторларға салық төлеудегі жеңілдіктер қарастырылған арнайы аймақтың инвестициялық тартымдылығы туралы айтылды. Сонымен бірге, ол ауыл шаруашылығында пайдаланылатын химиялық препараттар жасап шығаратын  «Агрохимпрогресс» ЖШС-де болды. Қазіргі таңда кәсіпорын Павлодар облысының нарығының 50 пайызын қамтумен қатар, барлық облыстарға өз тауарын жеткізу арқылы отандық нарықтың 7 пайыз үлесін алып отыр. Компания өкілдері алдағы уақытта обыр шегіртке мен шыбын-шіркейлерге қарсы биопрепараттар шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. Сообщение «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
13.02.2018

Баянауылға апаратын жол

Үстіміздегі жылы Баянауылға апаратын 175 шақырымдық жолды жөндеу жоспарланып отыр.  2018 жылы Павлодар облысында қандай жолдар жөндеуден өтетіні туралы облыстық әкімдікте өткен жиында өңіріміздің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермұрат Нұрханов айтып берді. Оның айтуынша облысымызда жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 14,5 миллиард теңге бөлінді.   – Қазіргі кезде Павлодар облысындағы жолдардың 78 пайызының жағдайы қанағаттанарлық, – деді Ермұрат Нұрханов. – Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Аймақ басшысы жолдарға жөндеу жүргізумен қатар, қолда бар магистральдерді де күтіп ұстау керек екенін атап өтті. Бұл мәселемен көлік инспекциясы айналысады. – Көлік инспекциясына үш машина сатып алынды. Ендігі жерде, инспекцияның мамандары жолдағы көліктердің артық жүк салмағына жедел бақылау жасай алады, – деді Болат Бақауов. – Биылғы жылы Баянауылға апаратын 1785 шақырымдық жолды жөндеп, жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Көмір таситын ауыр жүк машиналары келесі жылы бұл жолдың быт-шытын шығарса, істеген жұмысымыздың мәнісі не? Жолдарды сақтап қалу үшін жағдайды қатаң бақылауға алуымыз керек. Жиын барысында биылдан бастап жолдарды күтіп ұстау үшін ресайклинг әдісі қолданылатыны айтылды. Осы әдіспен Качир, Баянауыл және Успен аудандарындағы жолдар жөнделетін болады. Сообщение Баянауылға апаратын жол появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
13.02.2018

Павлодар облысында Елбасының тапсырмалары бойынша отырыс өтті

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысынан кейін облыстық әкімдікте арнайы жиын өткізіліп, Елбасының отырыста берген тапсырмалары талқыланды. Аймақ басшысы Болат Бақауов қалалар мен аудандардың әкімдерімен, басқарма басшыларымен өнеркәсіптің өңдеу секторындағы жұмысты дамыту және цифрландыру бойынша жұмыс жоспарын нақтылады. Жиынды бастаған аймақ басшысы президенттің экономикадағы өңдеу секторының үлесін арттырып, өндіріске алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мәселесіне тоқталғанын атап өтті. – Өңіріміздегі аудандарға келетін болсақ, олардың барлығында өңдеу өнеркәсібінің үлесі тек қана азық-түлік өнеркәсібіне тиесілі, – деді облыс әкімі. – Өткен жылы Баянаулы, Железин, Шарбақты, Май және Успен аудандарында өнім өндірісінің физикалық көлемі индексінің азаюы тіркелді. Сіздерге өз қарамағыңыздағы  аудан бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін жасап шығаратын нысандарының жағдайын сараптап, әрқайсысы бойынша толық қуаттылық деңгейіне шығудың нақты жоспарын әзірлеу керек. Жиында жол мәселесі де сөз болды. Облыс әкімі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Павлодар облысына 2,8 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Дәл осы көлемдегі қаржыны жергілікті бюджеттен бөлу қажет. – Біз бұл қаржыны мақсатты түрде жұмсауымыз керек, – деді аймақ басшысы. – Жобалау-сметалық құжаттары дайын жолдар ғана емес, өңірдің тұрғындары үшін қажетті жолдарға басымдық беру керек. Сонымен бірге, жиында өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтар санаты мен олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу мәселесі де талқыланды. Астанада өткен кездесуде еліміздің вице-премьері  Ерболат Досаев Елбасыдан бұл жүйені енгізу мерзімін 2020 жылдан 2019 жылға ауыстыруды сұраған еді. Сондықтан, Павлодар облысы осы мерзімге медциналық сақтандыру жүйесін енгізуді апяқтауы керек.   – Нұрсұлтан Әбішұлы денсаулық сақтау реформасының ақсауында цифрландыру үрдісінің проблемасы бар екенін айтты, – деді аймақ басшысы. – Біздің емханалардағы дәрігерлер әлі күнге шейін электронды денсаулық құжаттарының орнына оларды қағаз түрінде толтырады. Медициналық ұйыпмдардың компьютерлермен жабдықталуы және Интернетке қол жетімділігі өте төмен. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша аймақтағы компьютерлермен жабдықталу мәселесі толық шешілуі керек! Жалпы алғанда мемлекет басшысы барлық саладағы цифрландыруға үлкен көңіл бөледі. Біз аймақ тұрғындарына цифрландыруды енгізудің аспектілерін нақты түсіндіруіміз керек. Болат Бақауовтың айтуынша Елбасы кей өңірлердегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы формальдылық пен жүйесіздікке де қатты шүйлікті. Сондықтан, облыс әкімі өз қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерге осы бағытта нақты жұмыс жүргізуді тапсырды. – Өңірде өтіп жатқан түрлі шаралардың бәрін «Рухани жаңғыру» аясында өткізбеу керек, – деді аймақ басшысы. – Бұл бағдарлама бірігей жобалармен ерекшеленуі керек. Мәселен, біздің өңірімізде өткен жылы сакралды орындар картасына кірген нысандарға күтім жасалуы кеерк. Осы жұмыспен айналысыңыздар. Ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттауы керек. Бір реттік шаралар өткізбей, нақты жұмыс істеу керек. Сообщение Павлодар облысында Елбасының тапсырмалары бойынша отырыс өтті появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
12.02.2018

Наурызды 40 күн қатарынан тойлаймыз

Ағымдағы жылы Павлодар облысы Наурызды 40 күн – наурыздың 22-нен сәуірдің 30-на дейін тойлайды. Бұл туралы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде мәлім болды. – Ертеде халқымыз Наурызды түрлі кезеңде атап өткен, – дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков. – Мәселен, Сырдария бойында өмір сүрген қазақтар  Наурызды ақпан айының соңғы күндерінен бастап атап өтсе, оңтүстіктегі ағайындар наурыз құсы оралған сәттен бастап тойлаған. Батыс Қазақстандағы «көрісу» дәстүрі бойынша адамдар наурыздың 14-нен бастап бір-біріне қонаққа барып, көктемнің келуімен құттықтай бастаған.  Орталық және солтүстік өңірлерде Наурызды тойлауды кешірек бастаған. Жалпы алғанда, бабаларымыз үшін  Наурыз бір күндік мереке емес, көктемгі жаңару кезеңі болып қабылданған. Оның айтуынша, қырық күн бойы барлық қалалар мен аудандарда түрлі шаралар өткізіледі. Облыс орталығындағы салтанатты іс-шараның режиссері ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ретро жұлдыздар шақырады», «Айтыңыз қабыл болсын», «Жаңа жылда – жаңа жұлдыздар» жобаларын жүзеге асырған Асқар Наймантаев шақырылды. 30 сәуір күні үкімет қаулысы бойынша демалыс деп жарияланады. Бұл күні Орталық алаңда этноауыл құрылып, түрлі ойын-сауықтар, спорттық сайыстар өткізіледі. Сообщение Наурызды 40 күн қатарынан тойлаймыз появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
08.02.2018

Көмірмен қамту жағдайы

Павлодар облысына жұмыс сапарымен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев келді. Ол үш көмір кенішінде болып, қатты отынмен қамту мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Алдымен Энергетика министрі Баянауыл ауданында орналасқан «Майкубен-Вест» ЖШС-ің кенішіне барды. Кәсіпорынның топ-менеджерлерінің бірі Ерлан Упушев мұнда күн сайын 150-200 машинаға көмір тиелетінін айтты. Егер, өткен жылы компания 3,6 миллион тонна қатты отын өндірсе, осы жылы көмірдің өндіріс көлемін 4,3 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұдан кейін министр Екібастұз қаласына келіп, осында орналасқан «Богатырь Көмір» ЖШС-ің және «ЕЭК» АҚ-ың бөлімшесі болып табылатын «Шығыс» кеніштерінде болды. Кәсіпорынның екеуі де энергетикалық көмір өндірумен айналысады. Сондықтан, мұнда өндірілетін тұрмыстық-коммуналдық көмірдің үлесі аса үлкен емес. Мәселен, өткен жылы «Богатырь» кенішінде 41 миллион тонна өндірілсе, оның тек 1,4 миллион тоннасы ғана тұрмыстық мақсаттарға арналған. Кәсіпорын басшылығы егер де тұрғындардан тапсырыс көп түсіп жатса, тұрмыстық көмірді өндіру көлемін де арттырмақ ойда.     Екібастұз қаласының әкімдігінде өткен жиналысқа көмір өндіретін кәсіпорындар мен көлік компанияларының басшылары қатысты. Сапардың қорытындысын шығарған Қанат Бозымбаев облыстағы көмірдің жеткілікті екенін айтты.   – Ағымдағы жағдай бойынша кіші және орта көмір кеніштерінде экспортқа және ішкі нарыққа жөнелтілетін көмірді өндіру үлесі азайғаны туралы айтылды. Қаңтар айындағы қатты аяздар кезінде кейбір кеніштердің жұмысы тоқтаған еді, алайда бұл жүйе құрушы кәсіпорындарға қатысты емес, – деді энергетика министрінің баспасөз қызметі оның сөзімен. – Біз республика бойынша мониторинг жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша үш-төрт аудан орталығында ғана көмірдің жетіспеушілігі анықталды. Бұл жағдай уақытша сипат алды. Себебіне келетін болсақ, ол аудандарға апаратын теміржол байланысы болмағандықтан, көмір автомобильдермен жеткізілді. Премьер-министр Үкімет отырысында әкімдерге бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Алдағы бір-екі күн ішінде жағдай тұрақталады деп ойлаймын. Қазақстан бойынша көмір тапшылығы бар деп айтуға келмейді. Көмір өндірушілер қатты отынды кез келген көлемде өндіруге дайынбыз деп білектерін сыбанып отыр. Теміржолшылар: «тарифті жеті пайызға өсіріп, бәрін де тасымалдауға әзірміз»,- дейді. Энергетика министрлігінің бапсасөз қызметінің деректері бойынша 2017 жылы көмір өндіруші компаниялар 106,7 миллион тонна көмір өндірген. Бұл көрсетікіш 2016 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға немесе 8,2 миллион тоннаға артық. Қазақстанның электр станцияларына 56,3 миллион тонна жөнелтілген, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 7,1 миллион тоннаға артық. 2017 жылы коммуналдық-тұрмыстық мақсаттарға және тұрғындарға сатылған көмірдің көлемі  12,5 миллион тонна. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. 2017 жылы көмір өндіретін компаниялар 29,3 миллион тонна көмірді экспортқа жөнелткен, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 3,1 миллион тоннаға артық көмір сатылған. Сообщение Көмірмен қамту жағдайы появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
06.02.2018

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды

Қаңтардың екінші жартысындағы қытымыр аяздың кесірінен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі облыс орталығында екі апта бойы өткізілмеген еді. Аяздың қаһары қайтқан соң дәстүрлі сенбілік жәрмеңке қайта жанданды. Осы жылдағы кезекті жәрмеңке 3 ақпан күні өтті. Таңғы сағат сегізден бастап сауда павильондарының жанында кезекте тұрған адамдардың саны арта түсті. Баянауыл, Успен, Лебяжі, Павлодар аудандарының, сонымен бірге, Павлодар мен Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарының 150 шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтары 50 тоннаға жуық өнім әкелді. Көкөністердің келісі 75-80 теңгеден саудаланса, сиыр етінің бағасы келісіне 1100-1200 теңгені құрады. – Қаңтардың ортасында аяздың қатты болуына байланысты жәрмеңке өткізілмеді.Үйткені, мұндай суықта алыс шалғайдан, мәселен, Баянауылдың шеткері ауылдарынан өнім әкелу өте қиын, – деп атап өтті Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов. – Қазір біз жәрмеңкені қайта қолға алдық. Біздің міндетіміз тұрғындарды арзан өніммен қамтамасыз ету емес, нарықтың кем дегенде 20 пайызын қамтып, халыққа таңдау жасайтындай жағдай құрсақ дейміз.  Жәрмеңкеден бөлек біздің тауар өндірушілерден «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы күріш, қант, өсімдік майын, тауық жұмыртқасын, қияр мен қызанақтар сатып алдық. Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша 2017 жылы өңірімізде 677 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, онда 2 миллиард теңгенің өнімі саудаланды. Сообщение Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.
02.02.2018

Павлодарда жағалау ұзартылып, жаңа саябақ ашылады

Павлодар облысы әкімінің төрағалығымен сәулет-қала құрылысы кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кездесу барысында облыс орталығын абаттандырудың 2018 жылға арналған жоспары талқыланды. Сәулетші мамандардың тұсаукесерінен бұрын Болат Бақауов Кутузов көшесінде қанша боялмаған үй қалғанын анықтады. Қала әкімі Нұржан Әшімбетов өткен жылы 15 көп қабатты тұрғын үй боялғанын және әлі де бояуды қажет ететін 20-25 үй бар екенін атап өтті. – Орта есеппен алғанда бір үйді бояу шамамен 5 миллион теңгені құрайды. Сондықтан аталған жұмыстарды аяқтау үшін шамамен 100-150 миллион теңге қаражат керек, – деді ол. Аймақ басшысы қаражат табатынына уәде беріп, көп қабатты тұрғын үйлерді боямас бұрын мамандардан алдымен қандай түске бояйтындарын ұсынуды талап етті. Сәулетшілер Павлодарда Кутузов-Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында жаңа «Алғашқы бітімгерлер саябағы» болатынын атап өтті. Сондай-ақ Усолка шағын ауданындағы дренаж арнасына күрделі жөндеу және тұз шығарушыларға арналған ескерткіш орнатылатын өзен вокзалы аумағындағы  «Толқын» бағын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Пахомов зиратының аумағында жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. – Белоруссияға жұмыс сапарымен барғанда Ұлы Отан соғысы кезінде қала ішінде жасалған жерлеу орындарының қалай жасалғанын, атап айтқанда, шөп төселіп, жолдар салынғанын  көрген болатынбыз. Біз де сол секілді Павхомов зиратын қалыпқа келтіруіміз қажет, – деді облыс әкімі. Жағалауды ұзарту және оны абаттандыру мәселесі ұзақ талқыланды. Орталық жағалаудағы сахнаны жобалаумен айналысатын «Казстройпроект» ЖШС өкілі келесі аптада барлық құжаттарды сараптамаға тапсыратынын айтты. – Сараптама 45 күн жүргізіледі, оған қоса ескертулерді жоюға екі ай беріледі, – деді құжаттардың мерзімі бойынша наразылығын білдірген Болат Бақауов. – Сонда құжаттарды су тасқыны маусымы басталғанда, яғни сәуір айында бермексіздер. Жеделдету қажет! Сахна құрылысымен жазғы уақытта айналыспауымыз қажет, себебі жазда концерттер өтеді! Сондай-ақ сахнаны техникалық жабдықтау жұмыстарын жүргізуді де ұмытпаңыздар. Отырыс барысында жағалаудың Өзен вокзалынан Усолка шағын ауданына дейін және бұрынғы «Қазтрансойл» АҚ ғимаратынан бастап Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне дейін ұзартылатыны анықталды. Павлодар қаласы әкімінің айтуынша, Өзен вокзалынан Усолка шағын ауданына дейін жер үйлер көп, бірақ олар қиындық тудырмайды. Ал екінші бөлігі бойынша жоба екі кезеңде орындалады. – Жоба дайын, құны шамамен 400 миллион теңгені құрайды, – деді қала әкімі Нұржан Әшімбетов. – Ең алдымен дренаж жүйесін қалыпқа келтіріп, жағаны бекіту қажет. Сонымен қатар су бұзып тастамас үшін дренаж «Құс өтілі» ескерткішін айналып өтеді. Осының нәтижесінде екінші кезеңде «Құс өтілі» аумағында тек көріктендіру жұмыстары ғана жүргізіледі. Ағымдағы жылы сахнаны орнату, жағалауды абаттандыру жұмыстарын аяқтаймыз, Усолка шағын ауданына қарай өтетін жер істейміз және жағалаудың «Қазтрансойл» АҚ ғимаратынан бастап Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне дейінгі құрылысы аяқталады. Сәулет-қала құрылысы кеңесінің келесі отырысы ақпан айының соңына белгіленді. Мұнда кеңес қатысушылары Павлодарды абаттандырудың 2018 жылға арналған жоспарын біржола келісетін болады. Сообщение Павлодарда жағалау ұзартылып, жаңа саябақ ашылады появились сначала на РЕСМИ САЙТЫ.