Бірігіп, Елбасымызға қолдау көрсетейік

Құрметті павлодарлықтар! Жаңа 2022 жыл еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерден басталды, бейбіт митингілер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер және бейбіт тұрғындар арасында шығын әкелді.

Радикалды күштерден көбіне Алматы қаласы зардап шекті. Мемлекет басшысының, әскери қызметшілер мен арнайы қызметтердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында елдегі жағдай тұрақтануда.

Қаланың депутаттық корпусы ел Президентінің бастамаларын қолдайды және ТЖ барысында зардап шеккендерге көмек көрсете отырып, өз үлесін қосуда.

Өздеріңіз білетіндей, елімізде коменданттық сағат жарияланды, осыған байланысты біздің қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін өз үйлерінен шықпауға өтінеміз.

Құрметті павлодарлықтар! Қазақстандықтар барлық уақытта өзінің ұйымшылдығымен танымал болған, ел үшін қиын-қыстау кезеңдерде біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірігіп, оны қолдайық.

VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары.