Келе жатқан 2022 жылмен құттықтаймыз!

Құрметті павлодарлықтар! Сіздерді келе жатқан 2022 жылмен құттықтаймыз!

Өтіп бара жатқан жыл – ерекше жыл, өйткені ол Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтті. Осы жылдар ішінде қол жеткізілген барлық нәрсе жаңа жеңістерге түрткі болсын.

Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа деген үміт, жаңа мүмкіндіктерге деген сенім, шығармашылық идеялар, жоғары кәсіби жетістіктер мен тамаша бастамалар сыйласын.

Алдағы жылы Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бейбітшілік пен амандық тілейміз!

Құрметпен, VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары.