Қалалық мәслихат сессиясы

Бүгін, 27 желтоқсанда VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының XIV кезектен тыс сессиясы өтті, оның барысында «Павлодар қаласының 2022 – 2024 жылдарға арналған кент, ауылдық округ және кейбір ауылдарының бюджеттері туралы» мәселе қаралды.

Қаланың ауылдық елді мекендері бюджеттерінің 2022-2024 жылдарға арналған жобалары қала экономикасының 2026 жылға дейінгі даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын айқындауда.

Бюджет жобалары бойынша кірістерде Ленин кенті, Кенжекөл ауылдық округі және Жетекші, Мойылды ауылдары бойынша жалпы сомасы 1 367 мың теңге немесе кірістердің жалпы көлемінің 1,6% салықтық емес түсімдер есепке алынды.