Балаларға тәтті сыйлықтар!

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары балалардың көптен күткен және сүйікті мерекесі – Жаңа жыл қарсаңында аз қамтылған отбасы балаларына, «Самал» оңалту орталығына және «Алтын бата»қоғамдық қорына жүз тәтті сыйлық табыстады.

Жаңа жыл ертегі сиқырлы болуы тиіс, әсіресе балалар үшін, ал ересектердің басты міндеті — балаларға мереке сезімін беру.

Әлемнің барлық балалары сау және бақытты болсын, барлық қиыншылықтар оларды айналып өтсін!