ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы»  Заңының 9-бабы негізінде, Павлодар қаласы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобымен 19 (он тоғыз) адам  (6 адам — ​​мемлекеттік органдардың өкілдері, 13 адам коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар) көлемінде Павлодар қаласы Қоғамдық кеңес мүшелерінің жаңа құрамын сайлау  бойынша конкурс өткізіледі.

Павлодар қалалық қоғамдық кеңестің жаңа құрамын сайлау байқауына қатысу үшін, Павлодар қаласының аумағында тұратын және жұмыс істейтін азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар шақырылады.

Конкурсқа қатысу үшін 10 жұмыс күні ішінде осы хабарландырудың жарияланған күнінен кейін:

  1. Қоғамдық кеңестің кандидатурасын ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның және (немесе) азаматтың жазбаша өтініші;
  2. автобиографиялық мәліметтерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы ақпарат ұсыну;
  3. сотталғаны болу немесе болмауы туралы анықтама;
  4. психикалы болуы немесе болмауы, мінез-құлықтың бұзылуы (ауруы), сонымен қатар психоактивтік заттарды қолдануына байланысты анықтама қажет.

Қоғамдық кеңестің үміткері:

— сотталғандығының болмауы;

— заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылғаны болмауы;

— психикалық ауруға, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа шалдықпау жөнінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін gormaspvl@yandex.kz электрондық мекенжайына жіберулеріңізді немесе Павлодар қ., Қайырбаев көшесі 32-үй, 204 каб. әкелулеріңізді сұраймыз. Ақпарат үшін телефон: 321383, 323227.