Мәслихат сессиясы

✅ Бүгін, 24 желтоқсанда VII шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының ХІІІ кезекті сессиясы өтті.

Депутаттар күн тәртібіндегі сегіз мәселе бойынша шешім қабылдады.

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қанат Қапуов 2022-2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы сөз сөйледі.

2022 — 2024 жылдарға арналған бюджет жобасы Бюджет кодексіне сәйкес енгізіледі. Бұл құжат экономиканың 2026 жылға дейінгі даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған қаланың әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді.

2022 жылға арналған бюджет жобасында жалпы сомасы 124 330,7 млн.теңгеге жылдық қаржыландыру көлемі көзделген.

Бұдан басқа, қалалық бюджет көлемінде жеке тұлғаларға бұрын берілген бюджеттік кредиттерді өтеуден түсетін түсімдер ескерілген – 1,9 млн.теңге.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің жобасында 2021 – 2023 жылдарға арналған бюджетте бекітілген шығыстардың бірізділігі ескерілген, оның әлеуметтік бағыты сақталған.

Барлық әлеуметтік маңызы бар іс — шаралардың қаржылық қамтамасыз етілуі толық көлемде жоспарланған.

Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы Төлеген Шаймарданов 2021 жылға салық жинау және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру бойынша есеп берді.

2021 жылдың 11 айында қалалық бюджетке түсімдер жоспары 101,4% — ға орындалды. Түсім 82 354,0 млн. теңгені құрады, болжам бойынша 81 188,4 млн.теңге, асыра орындау 1 165,6 млн. теңгеге.

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі салық төлеуден жалтарған салық төлеушілерді анықтау болып табылады. Осыған байланысты басқарма осындай салық төлеушілерді анықтауға және тиісті шаралар қабылдауға бағытталған айтарлықтай жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, Павлодар қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін 2022 жылға келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және басқа да ағымдағы мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.