Мәслихат комиссиясы

✅ Бүгін, 23 желтоқсанда экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

2022-2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, 2022 жылға арналған Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы мәселелер және басқа да ағымдағы мәселелер қаралды және талқыланды.

Сондай-ақ депутаттар Павлодар қаласының 2021 жылғы салық жинау және бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру бойынша есебін тыңдады.

Осы мәселелер бойынша шешімдер қалалық мәслихаттың таяудағы сессиясында қабылданатын болады.