Қоғамдық Кеңес Отырысы

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Сандуғаш Қалижанова қаланың қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.

Кеңес мүшелері кейбір мемлекеттік органдардың басшыларын, атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік-мәдени мұра объектілерінің жылыту маусымына дайындық барысы және қаланың мемлекеттік органдарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруы туралы тыңдады.

Жоғары кәсібилігі және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылықты нығайтуға белсенді қатысқаны үшін мәслихат хатшысы Кеңес мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.